28 желтоқсан Балуан Шолақ спорт сарайында рапид пен блицтен ФИДЕ әлем чемпионаты аясында өткен рейтингі 2300-ге дейінгі шахматшылар арасында блиц бойынша Алматы қаласының Чемпионаты өтті. Жарысқа 132 шахматшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша "2300-ге дейін", "1900-ге дейін" және "1500-ге дейін" санаттарындағы ең мықты шахматшылар анықталды.