Жаңалықтар

16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасына іріктеу турнирі

Алматыда
Барлық фотосуреттер мен бейнелер: https://clck.ru/34hQBZ
2023 жылғы 12-13 маусым аралығында 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасына іріктеу турнирі өтеді. Турнир Самал-2 ш/а, 33а, "Samal Tower" ТК мекенжайы бойынша өтеді.

Турнирді Алматы қаласы шахмат Федерациясы 12-19 тамыз аралығында Эйндховенде (Нидерланды) өтетін 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасына Алматы қаласынан 4 адамнан тұратын команданы іріктеу және қалыптастыру мақсатында өткізеді.

Турнир швейцариялық жүйесі бойынша 9 турда өткізіледі. Партияға 25 минут + 10 секунд беріледі.

Іріктеу турниріне қатысуға 2007 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Алматы қаласында тұратын, Алматы қаласының атынан республикалық жарыстарда қатысатын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін спортшылар қатыса алады:
  • Алматы қаласының 2022 жылғы ресми балалар мен жасөспірімдер чемпионатының "12 жасқа дейін", "14 жасқа дейін", "16 жасқа дейін" жас санаттарындағы жүлдегерлері;
  • "12 жасқа дейін", "14 жасқа дейін", "16 жасқа дейін" жас санаттарындағы классикалық және жылдам шахматтан Қазақстан Республикасының 2023 жылғы балалар мен жасөспірімдер чемпионатының жүлдегерлері;
  • 16 жасқа дейінгі спорт шеберіне үміткер (және одан жоғары) атағы бар спортшылар.

Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша 4 спортшыдан тұратын команда құрылады:
  • Іріктеу турнирінде 1 орын;
  • Іріктеу турнирінде 2 орын;
  • Іріктеу турнирінде 3 орын;
  • Қыздар арасында 1 орын.

Команда қатысушыларын Алматы қаласы шахмат федерациясы 2023 жылғы 12-19 тамыз аралығында Эйндховенде (Нидерланды) 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына Алматы қаласы спорт басқармасы бекіткен нормалар бойынша (авиабилеттер, тұру және тәуліктік) іссапарға жібереді.

ТУРНИРДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ (РЕГЛАМЕНТ)
Қорытынды кесте (Chess-Results)

Байланыс ақпараты:
Телефон / WhatsApp: +7 771 828 2281
E-mail: info@almatychess.kz
Ресми сайт: www.almatychess.kz