Жаңалықтар

Назар аударыңыз! Келесі жаттықтырушылар жиналысы 8 қарашада өтеді

Алматыда
Құрметті әріптестер!

Барлық шахмат клубтарының, үйірмелер мен академиялардың жетекшілерін 8 қараша күні сағат 20:00-де, "Алтын заман" бизнес орталығы, Сейфуллин даңғылы, 498 (Бөгенбай батыр көш. қиылысы), 8 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша өтетiн жаттықтырушылар жиналысына шақырамыз.

Күн тәртібінде:
  • Шахмат клубтарының, мектептер мен академиялардың өкілдерінен жаттықтырушылар кеңесін құру;
  • 2023 жылға турнир күнтізбесін әзірлеу.

Бапкерлік кездесуде шахматты дамытуға бағытталған барлық идеялар қарастырылады. Алматылық шахматтың болашағына алаңдайтындардың барлығын көруге қуанышты боламыз.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласыңыз:
+7 (778) 646-22-44 Досболат