Жаңалықтар

Алматы шахматшылары Батыс Азия балалар мен жасөспірімдер арасындағы блицтен чемпионатында 3 медаль жеңіп алды!

Әлемде
8 шілдеде Корумдуда (Қырғызстан) 6 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша блицтен Батыс Азия чемпионаты өтті. Алматының жас шахматшылары келесі нәтижелерді көрсетті:

🥇 Башар Айқожа – 8 жасқа дейінгі ұлдар арасында 1 орын;
🥇 Филиппова Милана – 8 жасқа дейінгі қыздар арасында 1 орын;
🥉 Асылов Мирас – 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 3 орын.

6 жастан 18 жасқа дейінгі жас санаттарында Батыс Азия Чемпионатының қорытындысы бойынша шахматтың үш түрінен (классика, рапид, блиц) алматылықтар 10 медаль – 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды 🔥

Біздің жүлдегерлерді тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!