Жаңалықтар

Алматы қ. командасы 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында өнер көрсетуде

Әлемде
12-19 тамыз аралығында Эйндховенде 🇳🇱 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы өтуде. Алматы қаласының намысын 16 жасқа дейінгі ең мықты шахматшылар командасы қорғап жатыр:
1 тақта – Асылов Мирас
2 тақта – Мұхаметқали Мерей
3 тақта – Тлеуханов Ерлан
4 тақта – Мади Айдана
Жаттықтырушы – халықаралық гроссмейстер Хуснутдинов Рустам Данилович.

Турнирге 48 елден 252 шахматшы қатысып жатыр. Елімізден Олимпиадаға бірден 5 команда жіберілді!

ℹ️ Естеріңізге сала кетейік, Алматы қ. командасы 2023 жылғы 12-13 маусым аралығында өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша құрылды, онда 16 жасқа дейінгі 30 мықты шахматшы олимпиадаға қатысу мүмкіндігі үшін таласты.

5 турдың қорытындысы бойынша біздің команда 2 жеңіске жетті, 1 рет тең ойнады және 2 жеңіліске ұшырады. Тақталар бойынша нәтижелер:
1️⃣ Асылов Мирас – 3,5 ұпай
2️⃣ Мұхаметқали Мерей – 3 ұпай
3️⃣ Тлеуханов Ерлан – 3,5 ұпай
4️⃣ Мади Айдана – 2 ұпай

Нәтижелермен Chess-Results сайтында танысуға болады. Партиялардың онлайн көрсетілімі барлық танымал шахмат платформаларында жүргізіледі.

Алда тағы 4 тур бар, жас шахматшыларымызға сәттілік тілейміз!