12-19 тамыз аралығында Эйндховенде 🇳🇱 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы өтуде. Алматы қаласының намысын 16 жасқа дейінгі ең мықты шахматшылар командасы қорғап жатыр: 1 тақта – Асылов Мирас 2 тақта – Мұхаметқали Мерей 3 тақта – Тлеуханов Ерлан 4 тақта – Мади Айдана Жаттықтырушы – халықаралық гроссмейстер Хуснутдинов Рустам Данилович.
Турнирге 48 елден 252 шахматшы қатысып жатыр. Елімізден Олимпиадаға бірден 5 команда жіберілді!
ℹ️ Естеріңізге сала кетейік, Алматы қ. командасы 2023 жылғы 12-13 маусым аралығында өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша құрылды, онда 16 жасқа дейінгі 30 мықты шахматшы олимпиадаға қатысу мүмкіндігі үшін таласты.
5 турдың қорытындысы бойынша біздің команда 2 жеңіске жетті, 1 рет тең ойнады және 2 жеңіліске ұшырады. Тақталар бойынша нәтижелер: 1️⃣ Асылов Мирас – 3,5 ұпай 2️⃣ Мұхаметқали Мерей – 3 ұпай 3️⃣ Тлеуханов Ерлан – 3,5 ұпай 4️⃣ Мади Айдана – 2 ұпай
Нәтижелермен Chess-Results сайтында танысуға болады. Партиялардың онлайн көрсетілімі барлық танымал шахмат платформаларында жүргізіледі.
Алда тағы 4 тур бар, жас шахматшыларымызға сәттілік тілейміз!