Жаңалықтар

27.10.2022 өткен жаттықтырушылар жиналысының хаттамасы

Алматыда

Алматы қаласының шахмат Федерациясы


Жаттықтырушылар жиналысының

№1 ХАТТАМАСЫ


Алматы қ.                                                                                        "27" қазан 2022 ж.


Қатысты:
Алматы қ. шахмат Федерациясының президенті – Әбдімәлік Жансая
Алматы обл. шахмат Федерациясының президенті – Егембердиев Саят
Алматы қ. аға жаттықтырушысы – Қараев Асылхан
Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясының директоры – Аширов Данияр
Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Аширова Алма
Шатранж шахмат мектебінің жаттықтырушысы – Теміров Бақыт
Каисса ШӨО жетекшісі – Бейкутов Дарын
Гамбит шахмат мектебінің жетекшісі – Баратов Халмұрат
Spark оқу-сауықтыру орталығының директоры - Иминов Тұрған
Team Kazakhstan шахмат клубының жетекшісі – Ерболат Ержан
Шахмат тілшісі, chessnews.info сайтының иесі – Марат Мүлкібаев
AS Group Kids шахмат академиясының жаттықтырушысы – Оспанова Айнұр
Сәтбаев атындағы университеті және Шоқан Уәлиханов атындағы мектебінің жаттықтырушысы – Нығметов Әлібек
Жаттықтырушы – Евгений Пак
Белая ладья шахмат академиясының жаттықтырушысы – Казиев Қайрат
Белая ладья шахмат академиясының жаттықтырушысы – Кене Мұрат
Spark оқу-сауықтыру орталығының жаттықтырушысы – Болатов Эльдар
«Шыңға өрлеу» демалыс әлеуметтік клубының жаттықтырушысы – Қалиев Нұролла

Жиналыс төрағасы: Әбдімәлік Жансая.
Жиналыс хатшысы: Жұпархан Досболат.

Күн тәртібі:
Алматы қаласында шахматты дамыту жоспары.

Спикерлер:
Әбдімәлік Жансая, Егембердиев Саят, Қараев Асылхан, Аширов Данияр, Аширова Алма, Мулкубаев Марат, Теміров Бақыт, Пак Евгений, Бейкутов Дарын, Оспанова Айнұр, Баратов Халмұрат, Нығметов Әлібек.

Келесі ұсыныстар қабылданды:
  1. Алматы қаласының ерлер мен әйелдер чемпионаттарын өткізу (одан әрі ҚР чемпионатына іссапармен);
  2. Студенттер мен жоғары сынып оқушылар арасындағы турнирлер өткізу;
  3. Алматы қ. шахмат федерациясының кеңсесін ашу;
  4. ФИДЕ рейтингі есебімен Жаңа жыл мерекесіне арналған блиц/рапид турнирлерін өткізу;
  5. Telegram-да клуб жетекшілері мен жаттықтырушылар үшін жалпы чатты құру;
  6. Әуесқойлар арасында шахматтың дамуына қолдау көрсету (бұқаралық спорт);
  7. Қала жаттықтырушылары мен төрешілерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасау.

Шешім:
  1. Алматы қаласындағы шахматшылар, клубтар, жаттықтырушылар туралы бірыңғай мәліметтер базасын құру;
  2. Келесі жиналыста шахмат мектептері мен академияларының өкілдерінен жаттықтырушылар кеңесін құру;
  3. 2023 жылға турнирлер күнтізбесін әзірлеу;
  4. 2023 жылы жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу;
  5. Қалада өтетін барлық оқиғалар туралы дер кезінде хабардар ету үшін Telegram-да жаңалықтар арнасын құру;
  6. Келесі жаттықтырушылар жиналысын 2022 жылдың 8 қарашасында өткізу. Нақты уақыты мен орны кейінірек хабарланады.

27.10.2022 ЖАТТЫҚТЫРУ КЕҢЕСІНІҢ ХАТТАМАСЫ (орыс тілінде)