Жаңалықтар

08.11.2022 өткен жаттықтырушылар жиналысының хаттамасы

Алматыда

Алматы қаласының шахмат Федерациясы


Жаттықтырушылар жиналысының

№2 ХАТТАМАСЫ


Алматы қ.                                                                                    "8" қараша 2022 ж.


Қатысты:
  1. Алматы қ. шахмат Федерациясының президенті – Әбдімәлік Жансая
  2. Алматы обл. шахмат Федерациясының президенті – Егембердиев Саят
  3. Алматы қ. аға жаттықтырушысы – Қараев Асылхан
  4. Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясының директоры – Аширов Данияр
  5. Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Аширова Алма
  6. Шатранж шахмат мектебінің жетекшісі – Дауримбетов Азамат
  7. Каисса ШӨО жетекшісі – Бейкутов Дарын
  8. Team Kazakhstan шахмат клубының жетекшісі – Ерболат Ержан
  9. Шахмат тілшісі, chessnews.info сайтының иесі – Мулкубаев Марат
  10. AS Group Kids шахмат академиясының жаттықтырушысы – Оспанова Айнур
  11. Сәтбаев атындағы университеті және Шоқан Уәлиханов атындағы мектебінің жаттықтырушысы – Нигметов Алибек
  12. Белая ладья шахмат академиясының жаттықтырушысы – Казиев Қайрат
  13. Spark оқу-сауықтыру орталығының жаттықтырушысы – Болатов Эльдар
  14. Алматы халықаралық мектебінің жаттықтырушысы – Мищенко Валерий;
  15. «Bolashak» мектебінің жаттықтырушысы – Даулетов Бауыржан
  16. «Эндшпиль» шахмат мектебінің жаттықтырушысы – Турдиева Халима
  17. «McQueen Chess» шахмат клубының жаттықтырушысы – Жексембаев Батырбек
  18. «Art Sport House» балаларды дамыту орталығының жаттықтырушысы – Сансызбаев Мейрамбек
  19. Халықаралық гроссмейстер, жаттықтырушы – Хуснутдинов Рустам
  20. Халықаралық төреші – Кованова Мария

Жиналыс төрағасы: Әбдімәлік Жансая.
Жиналыс хатшысы: Жұпархан Досболат.

Күн тәртібі:
  1. Шахмат мектептері мен академияларының өкілдерінен жаттықтырушылар кеңесін құру;
  2. 2023 жылға турнирлер күнтізбесін әзірлеу.

Спикерлер:
Абдумалик Жансая, Егембердиев Саят, Караев Асылхан, Аширов Данияр,
Мулкубаев Марат, Дауримбетов Азамат, Бейкутов Дарын, Оспанова Айнур,
Мищенко Валерий, Хуснутдинов Рустам, Кованова Мария.

Келесі ұсыныстар қабылданды:
  1. Жаттықтырушылар кеңесінің құрамына келесі үміткерлер енгізілсін: Хуснутдинов Рустам Данилович, Кашашвили Александр Павлович, Караев Асылхан, Шатранж шахмат мектебінің өкілі;
  2. Алматы қаласының шахмат Федерациясының атқарушы директорын тағайындау;
  3. Ерлер, әйелдер және зейнеткерлер арасында қалалық чемпионаттарын өткізу.

Шешім:
  1. Балалар мен жасөспірімдер құрамасына 2023 жылы өтетін маңызды чемпионаттардың алдында 3 оқу-жаттығу жиынын өткізу (ҚР балалар мен жасөспірімдер Чемпионаты, Кадеттер арасындағы әлем Чемпионаты, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер Олимпиадасы);
  2. Жаттықтыру кеңесін құру, оның құрамына келесі жаттықтырушылар кірді: 1. Халықаралық гроссмейстер Хуснутдинов Рустам Данилович; 2. Халықаралық гроссмейстер Кашашвили Александр Павлович; 3. Алматы қ. аға жаттықтырушысы, ФИДЕ шебері Караев Асылхан; 4. Шатранж шахмат мектебінің өкілі;
  3. 2023 жылдың сәуір айында ерлер мен әйелдер арасындағы Алматы қ. Чемпионатын өткізіу;
  4. 2023 жылдың күзгі демалысында Алматы қ. балалар мен жасөспірімдер Чемпионатын өткізу.

27.10.2022 ЖАТТЫҚТЫРУ КЕҢЕСІНІҢ ХАТТАМАСЫ (орыс тілінде)