Жаңалықтар

AlmaU Open Cup 2023 қорытындысы

Алматыда
10 маусымда Almaty Management University-де жыл сайынғы "AlmaU Open Cup" жылдам шахмат турнирі өтті, онда Almaty Management University-де оқуға ұлдар арасында екі 100% грант және қыздар арасында екі 100% грант ойнатылды.

Турнирге 10-11-12 сынып оқушылары және колледж түлектері қатысты (2 разряд және одан жоғары).

9 турдың қорытындысы бойынша AlmaU-да оқуға арналған 100% гранттың 4 иегері анықталды.

Ұлдар арасында:
  1. Айнақұл Мұхтар, Шымкент - 9 ұпай;
  2. Айдынұлы Тайыр, Алматы - 7 ұпай;

Қыздар арасында:
  1. Асанхан Лилия, Шымкент - 5 ұпай;
  2. Құрманалина Томирис, Алматы - 5 ұпай;

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда сәттілік тілейміз!

Almaty Management University басшылығына Almaty Management Univerity мен Жансая Абдумалик шахмат Академиясы арасында қол қойылған Меморандум аясында шахматшыларды қолдағаны және гранттар бөлгені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! "AlmaU Open Cup" турнирі қаламыздың шахмат өміріндегі дәстүрлі және көптен күткен оқиға болды. Одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!