Жаңалықтар

Алматы шахматшылары Батыс Азия балалар мен жасөспірімдер арасындағы классикалық шахматтан чемпионатында 3 медаль жеңіп алды!

Әлемде
6-18 жас аралығындағы Батыс Азия чемпионаты 2-8 шілде аралығында Корумдуда (Қырғызстан) өтті. Жарысқа 10 Азия елінен 268 шахматшы қатысты. Алматының жас шахматшылары келесі нәтижелерді көрсетті:

🥇 Назарбек Әлихан – 8 жасқа дейінгі ұлдар арасында 1 орын;
🥈 Дәулет Әлихан – 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында 2 орын;
🥉 Асылов Мирас – 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында 3 орын.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Фото @chessnews.info