Жаңалықтар

"ҰРПАҚТАР ШАЙҚАСЫ: балалар ересектерге қарсы" шахмат турнирі – 20 шілде сағат 16:00-де

Алматыда
20 шілде – Халықаралық шахмат күні!

Сіздерді "ҰРПАҚТАР ШАЙҚАСЫ: балалар ересектерге қарсы" шахмат турниріне шақырамыз!

💸 Турнирдің жүлде қоры: 450 000 теңге.
📍 Мекен-жайы: MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247а, 2 қабат, фуд-корт.
🕔 Турнирдің басталуы: 20 шілде сағат 16:00-де.

Турнирді Жансая Абдумалик шахмат Академиясы Алматы қаласы шахмат Федерациясының қолдауымен өткізеді.

Қатысушылар 30 адамнан тұратын екі командаға бөлінеді:
1. 14 жасқа дейінгі балалар (2009 ж.т. және одан кіші), II спорттық разрядтан төмен емес;
2. Ересектер (кәсіби жаттықтырушылықпен айналыспайтын аналар, әкелер, нағашылар, тәтелер, ата-әжелер).

Турнир швейцариялық жүйесі бойынша (командалық қосымша көрсеткіштермен) 4 турда өтеді.
Партияға уақыт: әр ойыншыға 10 минут + әр жүріске 2 секунд қосылады.

Жеңімпаздарды анықтау:
Жарыс жеңімпаздары барлық партияларда жиналған ең көп ұпай санымен анықталады. Екі және одан да көп қатысушылардың ұпайлары тең болған жағдайда жеңімпаздар келесі қосымша көрсеткіштер бойынша айқындалады:
1. Бухгольц коэффициенті;
2. Бухгольцтің қысқартылған коэффициенті (бір ең нашар нәтижесіз);
3. Жеңістер саны;
3. Қаралармен жеңістер саны.

Жүлделер:
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 450 000 теңге.
Әр командада 1-15 орын алған қатысушылар 15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Турнирге қатысу тегін!
Орындар саны шектеулі! Алдын ала тіркелуді сұраймыз.
Қатысушыларды тіркеу 19 шілдеде сағат 18:00-де жабылады.
1-ші тур 20 шілдеде сағат 16:00-де басталады.

📞 Телефон арқылы тіркелу/WhatsApp: +7 778 646 2244 Тұран.