Жаңалықтар

Шахматтан ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы қаласының Чемпионаты 2022

Алматыда
Стандартты (классикалық) шахматтан 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы қаласының Чемпионаты - 2022.

Чемпионаттың жүлде қоры 3 150 000 теңгені құрайды. Чемпионат 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша ФИДЕ рейтингісін есептеумен өтеді.

Чемпионат 30 қазан – 5 қараша аралығында Ш. Уәлиханов атындағы мектебінде (Самал-3 ш/а, 37/1) өтеді. 

Чемпионаттың демеушісі – Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп.

Шахмат инвентарінің демеушілері – ЦентрКредит Банкі, Junior Bank, Visa.

ЧЕМПИОНАТ РЕГЛАМЕНТІ

Алматы қаласы спорт басқармасы

Чемпионатқа қатысу үшін 10 000 (он мың) теңге көлемінде турнир ақысын* төлеу қажет (4400 4301 5960 1886 Kaspi Gold картасына, немесе +7 707 580 05 58 Досболат Ж. телефоны бойынша).
Чемпионатқа тіркелу үшін қатысушының келесі деректерің info@almatychess.kz электрондық поштасына жіберу қажет:
1. Толық аты-жөні;
2. Туған күні;
3. Байланыс нөмірі;
4. Туу туралы куәліктің (жеке куәліктің) көшірмесі;
5. Мекенжай анықтамасы немесе мектептен анықтама;
6. Жаттықтырушының толық аты-жөні.
*Жиналған турнир ақысы 2023 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына Алматы чемпиондарын жіберілуіне жұмсалады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Алматы қаласының жасөспірімдер құрамасы жасақталады. Жасөспірімдер құрамасының құрамына 8 жастан 18 жасқа дейінгі барлық жас санатындағы жеңімпаздар, сондай-ақ Грузия мен Румынияда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында өз жас санаттарында 1-10 орындарға ие болған қатысушылар кіреді.

Бас төреші: Кованова Мария Алексеевна, тел. +7 777 239 54 92.
Чемпионат координаторы: Жұпархан Досболат, тел. +7 707 580 05 58,
Электрондық пошта: info@almatychess.kz

МАҢЫЗДЫ! Чемпионатқа тіркелу 29 қазан күні сағат 15:00-де аяқталады.