Жаңалықтар

Алматыда рапид пен блиц бойынша 2022 ж. әлем Чемпионаты өтеді

Әлемде Алматыда
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 2022 жылғы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаттарының өткізілетін күндері мен орнын бекітті.

Беделді шара біздің қаламызда өтеді. Чемпионат дәстүрлі күндерде: 25 желтоқсаннан (қатысушылардың келу және турнирдің ашылу күні) 30 желтоқсанға дейін (соңғы ойын күні және жабылу күні) өтеді.

Шараның бас демеушісі – Freedom Finance инвестициялық компаниясы.

Толық ақпарат 15 қарашаға дейін ФИДЕ ресми сайтында жарияланады.

Фото: advantour.com