Жаңалықтар

Алматы қаласының шахматшылары, клубтары мен жаттықтырушыларының бірыңғай деректер базасының құрылуы

Алматыда
Құрметті әріптестер!

2022 жылғы 27 қазандағы жаттықтырушылар кеңесінің шешімдерінің бірі Алматы қаласында шахматшылар, клубтар мен жаттықтырушылар туралы бірыңғай деректер базасын құру болды. Біз бұл тапсырманы жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз және сізден көмек сұраймыз. Барлық ақпарат қолжетімді болған кезде almatychess.kz сайтында жарияланады.

Клубтар мен жаттықтырушылар базасы: almatychess.kz/clubs
Қаладағы шахмат клубтарының тізіміне ену үшін, басшылардан  info@almatychess.kz. электронды поштаға ақпарат жіберуді сұраймыз.  Хатта клубтың атын, мекенжайын және байланыс ақпаратын (веб-сайт, әлеуметтік желілердегі парақшалар, телефон) көрсетіңіз.

Шахматшылардың деректер базасы: almatychess.kz/players
Қаладағы ең үздік шахматшылар тізіміне ену үшін, Қала чемпионаты, Қазақстан Республикасы чемпионаты, Әлем чемпионаттары жеңімпаздарының жаттықтырушыларынан (ата-аналарынан) info@almatychess.kz электрондық поштаға қысқаша өмірбаяны мен жетістіктерін, спортшының жоғары сапалы фотосуретін жіберіңіз.