Жаңалықтар

16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында Алматы қ. атынан қатысатын команда құрамы құрылды

Алматыда
12-13 маусымда Алматы қаласының шахмат Федерациясы 16 жасқа дейінгі Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасына іріктеу турнирін өткізді.

Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Олимпиадаға Алматы қаласының атынан қатысатын команда құрылды. Команда құрамына келесі спортшылар кірді:
• Асылов Мирас
• Мұхаметқали Мерей
• Тлеуханов Ерлан
• Мади Айдана

Команда қатысушыларын Алматы қаласының шахмат Федерациясы 2023 жылғы 12-19 тамыз аралығында Эйндховенге (Нидерланды) іссапарға жібереді.

Команда қатысушыларын құттықтаймыз және Олимпиадаға сәттілік тілейміз!
Турнирдегі фотосуреттер мен бейнелер: https://clck.ru/34hQBZ