Жаңалықтар

Алматылық шахматшылар Атырауда сәтті өнер көрсетті

Әлемде
21 және 22 мамырда Атырауда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты аясында рапид пен блицтен біріншіліктер өтті.

20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы рапид бойынша ҚР чемпионатында 12 жасар Холявко Мария күміс медаль жеңіп алды!

20 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы блиц бойынша ҚР чемпионатында 11 жасар Смирнов Марк күміс медаль жеңіп алды!

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бижигитов Жангир классикалық шахматтан 2 орын алған болатын. Жалпы алматылықтар шахматтың әр түрінен 3 күміс медаль жеңіп алды.

Біздің шахматшыларды керемет жетістіктерімен құттықтаймыз! Еңбегіңіз, табандылығыңыз және біздің сүйікті қаламыздың даңқын жайып жатқаныңыз үшін алғыс айтамыз!