«6*», «8», «10», «12», «14», «16», «18» жас санаттарындағы балалар мен жасөспірімдер арасында стандартты (классикалық), жылдам (рапид) және шапшаң (блиц) шахматтан 2023 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты 20 наурыздан (келу күні) 31 наурызға дейін (кету күні) 2023 жылы Алматыда өтеді.

ҚР Чемпионатының жүлде қоры - 13 460 000 теңге. ҚР Чемпионаты «8», «10», «12», «14», «16», «18» жас санаттарында FIDE рейтингісі есебімен жүреді.

ҚР чемпионаты "Бақшасарай" қабылдау үйінде және "Best Western Plus Atakent Park Hotel" қонақ үйінің Конгресс холлында өтеді. Ойын залдарының екеуі де "Атакент" көрме орталығының аумағында орналасқан (бұрынғы ВДНХ). Мекен-жайы: Тимирязев көшесі, 42.
Өткізу күндері:
20-31 наурыз 2023 ж.

Өткізу орны:
«Атакент» көрме орталығы
Тимирязев көшесі, 42
Алматы

Қатысушылар саны:
~1150 қатысушы

Жүлде қоры:
13 460 000 теңге

Chess-Results