Жаңалықтар

Жаттықтырушылар мен ата-аналарға арналған блиц турнир

Құрметті ҚР Чемпионатына қатысушылардың жаттықтырушылары мен ата-аналары!

Сіздерді блиц-турнирге қатысуға шақырамыз. Басталуы 27 наурыз сағат 16.00-де.

Турнир швейцариялық жүйесі бойынша 9 турда қонақ үйдің Конгресс Холлында өтеді. Әрбір ойыншыға бір партияға 3 минут + 2 секунд беріледі.

Турнирге тек ҚР 2023 Чемпионатына қатысушылардың жаттықтырушылары мен ата-аналары қатыса алады. Турнирге қатысу – тегін.

Жүлделер:
1 орын - №6 Стаунтон шахмат жинағы, тақтасы бар;
2 орын - №6 Стаунтон фигуралар жинағы;
3 орын - DGT Стаунтон пластикалық фигуралар жинағы.

Ұйымдастырушылар қосымша жүлделер тағайындау құқығын өзіне қалдырады.

Турнирге тіркеу ертең, 24 наурыз сағат 10:30-да Бақшасарайдың 2-қабатында басталады.
ҚР Чемпионаты 2023