Жаңалықтар

«6 жасқа дейінгі» жас санатындағы қатысушылар үшін хабарландыру

Құрметті жаттықтырушылар, ата-аналар және «6 жасқа дейінгі» жас санатындағы ҚР балалар мен жасөспірімдер Чемпионатының қатысушылары!

Көптеген өтініштерге байланысты Қазақстан шахмат федерациясы мен Алматы шахмат федерациясы бірлесіп, аккредиттелген федерациялар өткізген қалалық және облыстық іріктеу чемпионаттарында іріктеуден өткен қатысушыларды ресми қатысушылар ретінде (турнир жарнасын төлемей) тіркеу туралы шешім қабылдады.

Облыстық іріктеу турнирлерінде (17 облыс) 1-3 орын және қалалық іріктеу турнирлерінде (Астана, Алматы, Шымкент) 1-6 орын алған шахматшылар ҚР Чемпионатының ресми қатысушылары болып саналады.

Осыған байланысты облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың аға жаттықтырушылары жіберген іріктеу чемпионаттарының қорытынды кестелері назарға алынатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «6 жасқа дейін» жас санаты (2017 ж. туған және одан кіші) эксперименттік болып табылады. Бұл жас санаты FIDE – Халықаралық шахмат федерациясымен мақұлданбаған және осы жас санатындағы жүлдегерлерге Батыс Азия, Азия және әлем чемпионаттарына ресми қатысу мен іссапар құқығын бермейді.

Сонымен қатар «6 жасқа дейінгі» жас санатында жылдам шахматтан (рапид) қосымша чемпионат өткізіледі. Жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен марапатталады. Жүлде қоры қарастырылмаған. Ұйымдастырушылар жылдам шахмат чемпионаты (рапид) үшін жүлде қорын бекіту құқығын өзіне қалдырады. «6 жасқа дейінгі» жас санатындағы блиц бойынша турнир шахматшылардың жас болуына байланысты өткізілмейді.
ҚР Чемпионаты 2023